Skip to content

Педагог ассистенттің бос лауазымына орналасуға конкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 44 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 Мекен-жайы: СҚО,Петропавл қ., Караванная к-сі, 140

педагог ассистенттің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Лауазымдық жалақысы біліміне, жұмыс өтіліне және санатына байланысты: 145000 теңгеден 

Лауазымға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

Лауазымдық міндеттері:

     психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

 балалардағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын жасауға қатысады;

 білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктері бойынша шектелген жағдайда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетеді;

       оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмысы процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру динамикасын хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингілеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

 ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмірі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;

 белгіленген нысан бойынша есепті құжаттаманы жүргізеді.

  Білуге тиіс:

            Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Бала құқықтары туралы Конвенцияны”,” білім туралы”,” Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”,” арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы”,” Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы”,” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, ” Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

 педагогикалық этика нормалары;

       еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер.

     Біліктілікке қойылатын талаптар:

       жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

 және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;

 және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

     Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) “педагог”:

     ұйымдастырылған оқу және түзету-дамыту қызметінің барлық түрлерінде қозғалу, өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде эмоционалдық-еріктік саласы, интеллект, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға сүйемелдеу көрсетуге тиіс;

 әр түрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әртүрлілігіне ашықтықты көрсету және инклюзивті білім беруді, оның ішінде қоғамның ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға деген толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады;

      2) “педагог-модератор”:

       “педагог” біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттіліктері болуы тиіс, сондай-ақ:

 дамудағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім қажеттіліктерін бағалау дағдыларына ие болу;

 тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындауға және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға;

      3) “педагог-сарапшы”:

       “педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттері болуы тиіс, сондай-ақ:

 дамудағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

 білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдыларына ие болу;

 мұғалімнің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

    дамудағы бұзылуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдану, психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін жүргізу және талдау;

 білім алушының білім беру қажеттіліктеріне қарай білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушылық (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттеріне ие болу;

 ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша кеңес беру;

      4) “педагог-зерттеуші”:

       “педагог-сарапшы” біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттіліктері болуы тиіс, сондай-ақ:

 дамудағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім қажеттіліктерін бағалау дағдыларына ие болу;

 тәрбиешінің басшылығымен ПМПК, консилиум ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

     ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттіліктерге ие болу;

 мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдыларына ие болу (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдасқан қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамытушылық қолдау көрсету бойынша);

 педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу;

    инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;

 барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;

     5) педагог-шебер:

 “педагог-зерттеуші” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

 авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;

 ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

 облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

       облыстық оқу-әдістемелік кеңес пен РУМС мақұлдаған әдістемелік материалдардың болуы.

Бос лауазымға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

     1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (белгіленген үлгідегі)

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       12) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

       Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

            Құжаттарды мектептің электрондық поштасына электронды түрде ұсыну school.44@sgo.gov.kz , немесе Караванная  көшесі, 140 мекен-жайы бойынша. Хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

 

 

 Анықтама телефоны:8 (7152) 53-55-55

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *